Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түлектерге аттестат тапсыруда қандай талаптар сақталуы керек

2020 жылдың 26 мамыр 2020 19:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мектеп түлектеріне аттестат тапсыру рәсімінің қалай өтетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір ҚР Білім және ғылым министрлігімен тығыз байланыстамыз. Сонымен бірге, ҰБТ мен аттестат тапсыру рәсімін өткізу мәселелерін қарастырып жатырмыз. Аттестат тапсырудың арнайы алгоритмін әзірледік. Ол әлі бекітілген жоқ, жетілдіру үстіндеміз. Әрине, 11 жыл оқыған бала салтанатты түрде аттестат алғысы келеді. Бұл ата-аналар үшін де маңызды», - деді спикер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұл мәселе ұзақ уақыт бойы талқыланған.

«Біздің алгоритм бойынша, бұл шара міндетті түрде ашық ауада өтуі тиіс. Ара қашықтық сақталуы үшін арнайы сызықтар салынуы тиіс. Ата-аналар мен жақын туыстардың бұл шараға қатысқысы келетінін түсінеміз. Сондықтан, оларға түбегейлі тыйым салмай, рәсімге келетін туыстар санын қысқартуды ұсындық. Ең бастысы – ара қашықтық сақталып, өзара қарым-қатынас аз болуы керек», - деді Айжан Есмағамбетова.


Жоғары қарай