Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тұмауға қарсы вакцинаны қай санаттағы адамдарға алуға болмайды

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 22:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов тұмауға қарсы вакцинаны қай санаттағы адамдарға алуға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұмауға қарсы вакцина тауық ақуызына шыдамсыздығы бар адамдарға салынбайды. Себебі тұмауға қарсы вакцинаның құрамында осындай ақуыз бар. Созылмалы аурулармен ауыратын, вакцина компоненттеріне аллергиялық реакциясы бар адамдарға вакцинациядан бас тартуға кеңес береміз. Жұмсақ ауырлықтағы өткір респираторлық вирустық инфекциялармен, өткір ішек ауруларымен ауырған кезде вакцинация температура қалыпқа келгеннен кейін жүргізіледі. 6 айға дейінгі сәбилер мен жүктіліктің бірінші триместрінде вакцинация жасалмайды», - дейді Тимур Мұратов БАҚ-қа таратқан ақпаратында.

Оның айтуынша, елордада вакцинация қыркүйектің алғашқы күндері басталған. Қараша айының басына дейін жалғасады. Қала тұрғындарын вакцинациялау үшін басқарма 110 мың доза вакцина сатып алған. Сонымен қатар алда тағы 42 мың доза вакцина сатып алынбақ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтанда 24 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе салдырғаны хабарланған болатын.


Жоғары қарай