Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тунис жағалауында кеме апатқа ұшырап, 17 адам суға кетті

2021 жылдың 22 шілде 2021 11:21

РАБАТ. ҚазАқпарат – Тунис жағалауында болған кеме апатынан кем дегенде 17 адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бортта болған мигранттар Жерорта теңізі арқылы Италиядан Ливияға өтпек болған. Қаза тапқандардың барлығы – Бангладеш азаматтары. Жағалау күзеті 380 адамды құтқарған.

Reuters-тің жазуынша, кеме Ливияның Зуара портты қаласынан (елдің солтүстік-батысы) бағыт алған. Оның бортында Сирия, Мысыр, Судан, Эритрея, Мали және Бангладеш елдерінен келген мигранттар болған.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай