Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Тур де Франс» көпкүндігі: Алексей Луценко үздіктер қатарына енді

2019 жылдың 25 шілде 2019 23:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко «Тур де Франс» көпкүндігінің 18-ші кезеңінде мәре сызығын үшінші болып кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Астана» командасының капитаны Якуб Фульсангтың құлап қалғаны спортшыларға үлкен соққы болды. Сол себепті, велошабандоздар жекелеген кезеңдерде жақсы нәтиже көрсету үшін барын салуда.

Кеше Горка Исагирре алтыншы орыннан көрінсе, бүгін Луценко үздік үштікке енді. Алексей «Тур де Франс» додасында үнемі алдыңғы шептен көрініп жүрген болатын. Бүгін үздіктер қатарына еніп, жанкүйерлерді қуантты.

«Астана» командасының өкілі 208 шақырымға созылған таулы кезеңді жақсы жүріп өтті. Ол тактикалық тұрғыдан да қателік жіберген жоқ. Мәре сызығын бірінші және екінші болып сәйкесінше, колумбиялық Наиро Кинтану мен француз Роман Барде кесіп өтті.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай