Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тұрғын үй шаруашылығы саласында қандай өзгерістер болады

2020 жылдың 16 қазан 2020 12:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілген түзетулер биылғы қаңтар айынан бастап күшіне енді. Ендігі кезекте пәтер иелері кооперативтері (ПИК) орнына жаңа ұйым жұмыс істейді. Бұл жаңашылдық «бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» принципіне негізделген.

Заңда ТКШ-ны басқарудың жаңа тетіктері қарастырылған. Әрбір көппәтерлі үйдің тұрғындары арнайы жиналыста бірлестік немесе қарапайым серіктестік құру туралы шешім қабылдайды. Меншік иелерінің бірлестігі – заңды тұлға ретінде коммерциялық емес ұйым болады. Ол тұрғындардың өз ішінен құрылады. Осы тақырыпқа қатысты бірнеше сұраққа ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов жауап берген еді.

- Мархабат Жайымбетұлы, пәтер иелері кооперативі мен Мүліктің меншік иелері бірлестігі арасындағы айырмашылық қандай?

- Меншік иелерін біріктірудің жаңа нысанының негізгі айырмашылығы - жұмыс принципі – «бір үй – бір меншік иелері бірлестігі-бір шот». Әрбір үйге (Тұрғын үй кешеніне) ағымдағы және жинақ шоттары жеке ашылатын меншік иелерінің бір бірлестігі құрылатын болады. Бұл меншік иелеріне үйді күтіп-ұстауға жұмсалатын қаражаттың жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді. Бірлестік төрағасын (1 жылға), үй кеңесін және тексеру комиссиясын үй тұрғындары арасынан меншік иелері дербес сайлайды. Үйді күтіп-ұстау бойынша қызметтерді көрсету үшін сервистік қызмет субъектілері (бейінді кәсіптердің мамандары) тартылатын болады, бұл қызметкерлер штатын күтіп-ұстау бойынша қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

- Пәтер иелері кооперативі тарапынан Мүліктің меншік иелері бірлестігіне өтуде қандай да бір кедергілер бар ма?

- Құжаттарды, ақшалай қаражатты, техникалық құралдар мен жабдықтарды беру тәртібі ПИК-тің Мүліктің меншік иелері бірлестігіне өтуі кезінде заңнамамен толық регламенттелген. Көпшілік жағдайда ПИК табыс көзінен айрылмау үшін КПТҮ-ге арналған құжаттаманы беруден әртүрлі сылтаулармен бас тартады. Осы мәселені шешу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құжаттарды беру мерзімдерін белгілейді, оған сәйкес ПИК хабарлама алған кезде үш күн ішінде құжаттаманы беруді жүзеге асыруға міндетті. Бұдан бөлек, меншік иелерінің құжаттаманы беру жөніндегі шешімін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу мәселесі пысықталып жатыр.

- Мүліктің меншік иелері бірлестігіне толық қашан өтеді?

- Пәтерлердің (тұрғын емес үй-жайлардың) меншік иелері 2021 жылғы 7 қаңтарға дейінгі мерзімде (ТКШ мәселелері бойынша Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде) үйді басқару нысанын (мүлік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік) таңдау үшін жиналыс өткізуі қажет. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған ПИК 2022 жылғы 1 шілдеге дейін жұмыс істеуге құқылы.

- ТКШ бойынша дайындалған реформа қалай жүзеге асады?

- Реформа тұрғындардың меншікті басқару, техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге қаражат жұмсау кезіндегі есеп беру туралы пікірлерін ескеруді реттеуге арналған. Мемлекет басшысы мүліктің меншік иелері бірлестігін мәні бойынша Өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі басқару институтының базалық элементі екенін атап өтті. Орталық және өңірлік деңгейлерде жобалау офистерін құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл – өңірлерде белгіленген реформаларды ілгерілетуге, үйді басқару және күтіп-ұстау саласындағы дау туғызатын жағдайларды азайтуға, жергілікті жерлерде іс жүзінде іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл шара әкімдіктерге халықпен тиімді коммуникация жүйесін жолға қоюға мүмкіндік береді. Барлық шешімдерді меншік иелер өздері қабылдайтынын түсіну керек. Меншік иелері қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау үшін және ең алдымен ортақ мүліктің сақталуы үшін жауапты болуы тиіс.

- Мүліктің меншік иелері бірлестігі қалай тіркеледі?

- Меншік иелерінің бірлестігін мемлекеттік тіркеу мемлекеттік корпорацияда немесе Е-gov порталында бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Меншік иелері жиналыс хаттамасын және бірлестіктің жарғысын (+өтініш, түбіртек) ұсынуы керек.

- Кондоминиумды басқару үшін қандай да бір курстан өтулері керек шығар. Ол жағы қалай болады?

- Бүгінгі таңда Мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағалары, қарапайым серіктестіктің сенімді өкілдері, көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушылар, басқарушы компанияның қызметкерлері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында оқытудан өтіп, үйді басқару үшін білім мен дағды ала алады. ҚР ИИДМ арнайы бағдарлама бекіткен. Олар 55 сағаттан астам уақыт оқудан өтуілері керек. Көп пәтерлі тұрғын үй менеджерлері, сондай-ақ басқару сертификатын талап ететін басқарушы компанияның қызметкерлері оқудан кейін аккредиттелген ұйымда емтихан тапсыруы керек. Сертификатты «Атамекен «ҰКП» аккредиттеген ұйымдар береді.


Жоғары қарай