Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түрікменстан Милли Генгештің Халк Маслахатына алғашқы сайлау өткізілді

2021 жылдың 30 наурыз 2021 14:55

НҰР-СҰЛТАН. ТДХ-ҚазАқпарат – Бүгін Түрікменстанда Милли Генештің Халк маслахатына алғашқы сайлау өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТДХ агенттігіне сілтеме жасап.

Түрікменстанда Милли Генештің Халк маслахатына алғашқы сайлау алғаш рет уәлаяттар мен Ашғабат қаласы Халк маслахатының отырыстарында жасырын дауыс беру жолымен және тікелей емес сайлау құқығы негізінде өтті.

Сайлауға уәлаяттар мен Ашғабат қаласынан тиісті сайлау комиссиялары тіркеген 31 мүше қатысқан. Ахал уәлаятында – 37 сайлаушы, Балқан уәлаятында – 39, Дашогузда – 39, Лебапта – 38, Марый уәлаятында – 39 және Ашғабат қаласында – 39 cайлаушы болды.

Бүгін барлық алты сайлау учаскесінде салтанатты атмосфера орнады. Таңғы сағат 10-да Түрікменстан Мемлекеттік әнұраны айтылған соң, дауыс беру процедурасы басталып кетті.

Халк маслахатының мүшелерін сайлау бәсекелестік негізде өткен – 48 мандатқа ОСК тіркеген, бірдей мүмкіндік берілген 112 үміткер дауысқа түскен. Осылайша, бір орынға 2-3 кандидаттан таласты.

Сайлау процесін тәуелсіз мониторингілеуді саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, азаматтар топтары мен үміткерлер тағайындаған 440 ұлттық байқаушы жүргізді. Халк маслахатының мүшелігіне отандастарының құрметі мен сеніміне бөленген ең лайықты кандидаттарды сайлаудың барлық шарттары қарастырылған.

Сайлау учаскелері жабыларда сайлауға уәлаяттар мен Ашғабат қаласы Халк маслахаттары мүшелерінің 98,7 пайызы қатысты.

Уәлаяттар мен Ашғабат қаласының сайлау комиссиялары дауыс санауды аяқтады.

Орталық сайлау комиссиясы ұсынған мәліметтерге сәйкес, сайлау негізді өтті деп танылды. Сайлау кодексінің ережелеріне сәйкес, сайлау қорытындылары жақын уақытта жарияланады.


Басты сөздер: Сайлау, Түрікменстан,
Жоғары қарай