Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түрікменстан президенті ұлттық мессенжер жасауды ұсынды

2020 жылдың 26 маусым 2020 21:10

АШХАБАД. TDH - ҚазАқпарат - Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов сенімді ақпарат тарату үшін ұлттық мессенжер жасап шығаруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түрікменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

24 маусым күні өткен мәдениет пен БАҚ саласын жетілдіру жөніндегі онлайн кеңесте ел президенті халық арасында сенімді ақпарат тарату үшін интернет хабарлама алмасатын заманауи ұлттық жүйе жасау керектігін айтқан.

«Президент сонымен бірге ел экономикасының барлық саласында қол жеткізген табыстарды әлемге жеткізу мақсатында отандық БАҚ-тың танымал әлеуметтік желілерде өз алаңын құруы маңызды екенін атап өтті» деп хабарлайды агенттік.

Келелі отырысқа сондай-ақ, министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Б. Абдыева, Түрікменстан президентінің баспасөз хатшысы К. Чарыярдурдыев, Мемлекеттік ақпарат агенттігінің төрағасы Б. Амансарыев пен Түрікменстан бейбітшілік қорының басқарма төрағасы М. Сарыева қатысты.


Жоғары қарай