Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түрікменстан театрында «Абай» операсынан шығармалар орындалды

2020 жылдың 9 маусым 2020 23:55

АШҒАБАТ. ҚазАқпарат - Түрікменстанның Мемлекеттік симфониялық оркестрі «Абай» операсынан шығармалар орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Ашғабат қаласындағы Мақтұмқұлы атындағы Ұлттық музыкалық-драма театрында Түрікменстан Мемлекеттік симфониялық оркестрі көркемдік жетекші Расул Клычевтың басқаруымен Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидинің «Абай» операсынан шығармалар орындады.








Оркестрдің сүйемелдеуімен атақты түрікмен теноры Нұры Нұрыев «Абай» операсынан «Айттым сәлем, Қаламқас» Айдар ариясын, ал опера әншісі, сопрано Лейли Окдирова «Қарлығаш» әнін шырқады.

Өзінің құттықтау сөзінде бас дирижер Р.Клычев ортақ тарихи-мәдени «тамырлар қазақ және түрікмен халықтарын біріктіретінін және қазақ мәдениетін жаңа биіктерге көтерген ұлы Абайға құрмет көрсету өте қуанышты екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Қазақстанның Түрікменстандағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев вокалшыларға, Түрікменстанның Мемлекеттік симфониялық оркестрі мен Мәдениет министрлігіне мәдени іс-шараны ұйымдастырғаны және қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасының мәңгілік құндылықтарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдірді», - делінген ҚР СІМ ақпаратында.











Жоғары қарай