Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түрікменстанның бейтараптық саясаты бейбіт сипатқа ие – елші

2021 жылдың 24 қараша 2021 14:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы Түрікменстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджепов екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен Түрікменстанның бейтараптық саясатына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түрікменстанның бастамасымен 2021 жыл Бейбітшілік және сенім жылы деп жарияланғаны белгілі. Өйткені Түрікменстанның бейтараптығы бітімгершілік, бейбіт сипатқа ие. Біз бүкіл әлемде бейбітшілікті насихаттаймыз», - деді Батыр Реджепов.

Сондай-ақ, елші Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық қарым-қатынасқа тоқталып өтті.

«Орталық Азияда тату көршілік пен достық ахуалын қалыптастыру – Түркіменстанның сыртқы саясатының маңызды аспектісі. Қазақстан Республикасымен достық пен бауырластықтың мызғымас байланысына, қос елдің ортақ көпғасырлық рухани және мәдени қарым-қатынасы негіз бола алады. Қазіргі таңда саяси-экономикалық және сенімді серіктестік негізінде құрылған Түрікмен-Қазақстан диалогы жаңа серпін мен мазмұнға ие. Біздің мемлекеттің өзара ынтымақтастығы жеке мүддені көздемейді. Түрікменстан мен Қазақстан Еуразия кеңістігінде игілікті мақсаттарды жүзеге асыруда екіжақты күш-жігер мен инфрақұрылымды біріктіріп, нәтижесінде ауқымды жобалар іске асып жатыр», - дейді ол.

Дипломаттың айтуынша, екі ел арасындағы бейбіт қарым-қатынастың негізін ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Түрікменстан республикасының Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қалыптастырды.

Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық қарым-қатынас тақырыбында БАҚ-қа арналған баспасөз мәслихаты өтті.


Жоғары қарай