Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркі мемлекеттері ұйымының іскер әйелдері Қазақстан халқына қолдау білдірді

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 21:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркі мемлекеттері ұйымы және Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының Кәсіпкер әйелдер комитетінің төрайымы Сақина Бабаева Қазақстандағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан жандардың отбасыларына көңіл айтты.

«Қаза болған барша жандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Біз Қазақ елінің және барша қазақстандықтардың күш-қуатына сенеміз және бауырлас елімізді қолдайтынымызды білдіреміз», - деген үндеу жолданды.

Сонымен қатар, Бабаева ханым жеке телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Ләззат Рамазановаға да қолдауын білдірді.

Ұлттық комиссия басшысы әріптесіне қолдау сөздері мен халқымызға көңіл айтқаны үшін шынайы алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қараша айында Ыстамбұл қаласында Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының Кәсіпкер әйелдер комитетінің бірінші отырысы өткен болатын. Қазақстан делегациясын Ләззат Рамазанова, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аймақтарынан келген кәсіпкер әйелдер қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммиті аясында өтті.


Жоғары қарай