Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Түркі тілдес жеті елдің музыканттары Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін орындады

2020 жылдың 24 мамыр 2020 03:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеті түркі тілдес елдің музыканттары 17 халық аспабында қазақтың атақты ақыны, жазушы Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы «Түріксой» халықаралық ұйымының интернационалдық онлайн- жобасына қатысты.

Жеті түркі тілдес ел: Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Әзербайжан, Башкұртстан (Ресей), Өзбекстан және Түркияның 30-ға жуық музыканты Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін орындады.

Әнсүйер қауым үшін бұл ерекше оқиға болды. Олар Сәкеннің ғажап әнінің 17 түрлі ұлттық аспапта: саз сырнай, сыбызғы, жетіген, домбыра, қобыз, қобыз-прима, шертер, баян, бас, бас домбыра, дауылпаз, турік багламасы мен дарбук, кырғыздың комузы, әзербайжанның -канун, молдаваның- най, башқұрдың- қурайындаорындалуының куәсі болды.

Жоба режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Нұрмахаматұлы.



Басты сөздер: Мәдениет, Түркі елдері,
Жоғары қарай