Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан әуежайына барар жол бойына қара өрік отырғызылды

2021 жылдың 3 наурыз 2021 12:51

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан әуежайына барар жолдың бойы бау-бақшаға айналып, 400 гектар аумаққа 200 мың түп қара өрік көшеттері отырғызылды. Заманауи бау-бақша израильдік озық технологиясы бойынша тамшылатып суару жүйесімен жабдықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен қолға алынған жобаның нәтижесінде үш жылдан соң 1 гектардан 20 тоннаға дейін өнім алуға болады. Мұнда жергілікті ауа-райына қолайлы қара өріктің Black Splendоr, Black Diamond және Angeleno секілді ең шырынды сұрыптары егілді.




Өңір басшысы жобаның жүзеге асырылуын пысықтады. Бұл аумаққа қосымша қауын егуге болатынын айтып, осыған орай арнайы мамандарды тартуды тапсырды. Кентау қаласына қарасты Шаға ауылдық округінің аумағына жайғасқан жайқалған бау-бақша «Түркістан» ЭКК» АҚ мен «Dala – Fruit.kz» ЖШС бірлескен күшімен іске асырылуда.

Қаладағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі жаңадан салынып жатқан ғимараттарда болып, құрылысшылармен кездесті. Мәдени-рухани орталықтың қайталанбас үлгісін сақтауды тапсырған Ө. Шөкеев құрылысты белгіленген мерзімге сәйкес тапсыруды жүктеді. Ең алдымен сапаға баса мән беруді міндеттеді.




















Жоғары қарай