Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Түркістан қаласы жыл соңына дейін газбен толық қамтылады

2020 жылдың 14 ақпан 2020 23:30

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан қаласы жыл соңына дейін газбен толық қамтылатын болады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің тұрғындарымен кездесуде айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы жиын барысында 2020 жылы бюджеттен 18 млрд теңгеден астам қаржы қаралып, 25 нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін газға қосылмаған өзекті мәселе болып жүрген 78 елдімекеннің 39-ына көгілдір отыны берілгенін атап өтті. Бекітілген жол картасына сәйкес, 39 елдімекен жыл соңына дейін көгілдір отынға қосылады деп жоспарланған.

«Электрмен жабдықтау бойынша жалпы 843 елді мекеннің 827-і орталықтандырылған электр желісімен, 16-сы дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген. Өткен жылы электрмен қамтамасыз ету саласын дамытуға 24 нысанның құрылысына 8,4 млрд теңге қаржы бағытталып, жылдың қорытындысымен 4 елді мекен сапалы электрмен қамтамасыз етілді»,- деді Өмірзақ Шөкеев.

Жиында сондай-ақ, көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да қамтылды. Өңір басшысының сөзінше, Түркістан облысы республика көлемінде жол жөндеу бойынша алдыңғы орынға тұрақтаған.

«2019 жылы автомобиль жолдарын дамытуға бюджеттен 51,4 млрд теңге қаралып, 719 нысан немесе 1 738 шақырымнан астам жолдар мен көшелер және 8 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілген. 687 нысан немесе 1 270 шақырым жол пайдалануға беріліп, жыл қорытындысымен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 74,1%-ға жеткен. Өткен жылдан бастап негізгі басымдық облыс аумағындағы халқы тығыз әрі шекара маңында орналасқан оңтүстік аудандардың автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту мәселесіне көңіл бөліне бастады. 2020 жылы осы аталған аудандардағы жергілікті маңызы бар жолдардың, жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 90% жеткізу жоспарлануда»,- деді Өмірзақ Шөкеев.

Жоғары қарай