Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан қаласының аумағы ұлғайтылды

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 14:42

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа нысандарды аралап, ғимараттардың айналасын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Шаһардың климатын ескере отырып, қала сыртында көгалдандырудың үздіксіз жүйесін және Сырдария өзенінің табиғи өсімдіктер дүниесімен қосылуды қамтамасыз ететін жасыл белдеуді қалыптастырылған. Көгалдандырудың жалпы ауданы 13 мың гектарды құрайды. Жасыл алқап Түркістанның табиғи тынысына айналып, нәтижесінде, ауа тазарып, қала шаң мен желді дауылдан қорғалады деп күтілуде. Түркістан қаласында бүгінде 400 гектар жерге жайғасқан 11 саябақ, 5 жасыл аймақ, 25 аллея мен гүлзар бар. Әр саябақ креативті әрі ерекше, қайталанбас үлгіде салынған.




Мәселен, жалпы аумағы 38 гектарды құрайтын «Тұңғыш Президент саябағында» сыйымдылығы 100 текше метр болатын жасанды арал пайда болды. Ол үшін су ұңғымасы мен резервуар салынған. 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып, жолдар төселді.

Саттарханов көшесінің бойындағы «Желілік саябақтың» да жер көлемі 20 гектардан асады. Саябақта 5 мыңға жуық ағаш, 25 мыңға жуық жасыл бұта егіліп, жасанды тоған орнатылған.

Түркістан қаласының аумағы 19 627 гектардан 22 370 гектарға ұлғайтылды.




Бас жоспар бойынша қаланың даму сатылары белгіленген. Алғашқысы 2020 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған. Екінші кезеңі – 2035 жылы, үшінші кезеңі - 2050 жылы аяқталады. 2025 жылға дейін қала тұрғындарының санын 250 мыңға дейін, 2035 жылға қарай - 350 мың адамға дейін жетеді. 2050 жылы - 500 мың болады.




200 мыңға жуық тұрғыны бар Түркістанның даму мүмкіндіктері ауқымды. Қала аумағында өндірістік, коммуналдық және инфрақұрылым қызметін қамтамасыз ететін нысандарды орналастыратын аймақтар белгіленіп, бекітілген. Бұл өз кезегінде Түркістанның инвесторлар үшін тартымдылығын арттыра түседі. Туризм және өнеркәсіп – Түркістан дамуының негізгі екі бағыты. Қаланың бір жылда миллионнан астам туристті қабылдауға мүмкіндігі бар. Келешекте бұл көрсеткішті 5 миллионға жеткізу жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда қалада 11 киелі нысан мен мұражай, 6 рухани-мәдени нысан, 4 туроператор келушілерге өз қызметін ұсынуда.























Жоғары қарай