Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркістан облысы бойынша бюджетке 112 млрд теңге қаржы құйылды

2021 жылдың 28 желтоқсан 2021 17:21

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы бойынша бюджетке түскен қаржы 112 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жылдың қорытындысымен барлық аудан- қалалар бойынша кірістер жоспары 100%-ға орындалады деп күтілуде.

Өмірзақ Шөкеев аппарат отырысында облыс бюджетінің орындалуының қорытындысын және салықтық түсімдер мәселесін тыңдады. Қаражаттың тиімді игерілуінің маңыздылығын еске салып, бұл мәселені қатаң бақылауды талап етті. Өңір басшысы әкімдерге бюджетті жоспарлаған кезде халықтың барлық қажеттіліктерін ескеруді және бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауды жүктеді.Сонымен қатар бюджет қаржысын толық және тиімді игеру қажеттігін ескертті. Құрылыс пен жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталып, сапалы орындалуы тиіс екенін қадап айтты. Отырыста Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков шаһарда бой көтерген тұрғын үйлерді қабылдап алу мен сатылу барысын баяндады. Қаланы абаттандыру, көгалдандыру және инфрақұрылым, тұрғын үй массивтерін сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарды ортаға салды. Жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуінің алдын алу шаралары мен тұрақтандыру жұмыстары жайы айтылды. Облыста әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауардың 16 түрі өндіріледі. Тұтыну нормасына сәйкес, бұл өнімдермен облыс халқы толық қамтамасыз етіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақыланып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқаны сөз болды.


Жоғары қарай