Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысы: тыйым салынған материалдарды таратқан 15 адамға айыппұл салынды

2020 жылдың 27 қазан 2020 14:32

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы ПД-нің қызметкерлерімен діни мазмұндағы тыйым салынған материалдарды заңсыз таратқаны үшін 15 жергілікті тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот құқық бұзушыларға қатысты миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында «ВКонтакте» қолданушыларының бірінің парақшасынан діни сипаттағы тыйым салынған материалдар табылған. Сот шешімімен Сайрам ауданының тұрғыны діни мазмұндағы тыйым салынған материалдарды таратқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 3-бөлігі «Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша кінәлі деп танылып, оған 194 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен ғаламторды бақылау кезінде тыйым салынған деструктивті діни ағымның идеологиясын таратқан тағы бір адам табылған. Ол «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы аудиожазбалар таратып, дәрістер ұйымдастырған. Осылайша елдің тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге және алауыздықты қоздыруға насихат пен үгіт-насихаттар жүргізген.

«Сот қаулысымен Түркістан қаласының тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі «Қазақстан Республикасының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату« бойынша кінәлі деп танылып, 55 560 теңге әкімшілік айыппұл салынды» делінген хабарламада.


Жоғары қарай