Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан облысына 1,5 млн құты дәрі-дәрмек келіп жетті

2020 жылдың 13 шілде 2020 22:10

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан қаласына көршілес Өзбекстан Республикасынан 100 млн теңгеге 142 мың қорап дәрі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның арасында 1 млн 420 мың құты - «Аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі», 100 мың дана - «Дексаметазон инъекцияға арналған ампула» және 30 мың құты «Аспирин» бар.

Препараттарды қабылдап алу шарасына облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов, сондай-ақ, қалалық емханалардың бас дәрігерлері қатысты.











«Бүгін көршілес мемлекеттен облыстағы науқастарға пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек қоры келіп отыр. Бұл облыстағы медициналық ұйымдарға, қалғаны дәріханаларға таратылады. Келген жүк 2 айға дейін облыстағы науқастарға жетеді. Алдағы апта Түркия елінен қосымша тағы дәрі-дәрмек қоры келеді. Жалпы, облыс әкімдігі халықты қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 500 млн теңге қаражат бөлініп отыр», - деді басқарма басшысы Марат Орынбасарұлы.











Жоғары қарай