Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысына «Hayat-Vax» вакцинасының 17 мың дозасы әкелінді

2021 жылдың 11 мамыр 2021 22:51

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысына «Hayat-Vax» вакцинасының 17 мың дозасы әкелінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Түркістан облысында коронавирусқа қарсы вакцина салдыру пункттерінің саны артты. Бұған дейін Түркістан облысы бойынша 80 медициналық мекемелерде инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп келді. Қазір екпе егу пунктернің саны 102-ге жетті. Ал, қатерлі індетке қарсы вакцинаны өңірде 163 459 адам салдырған. Екінші компонентпен 40 мыңға жуық адам қабылдаған.

Жалпы 1 ақпаннан облысқа COVID-19 ндетіне қарсы вакцинаның 177 100 дозасы жеткізілген. Бүгін тағы «Hayat-Vax» вакцинасының 17 мың дозасы келді. Сонымен қатар, мамыр айының соңына дейін «Hayat-Vax» вакцинасының 55 000 және «Спутник-V» вакцинасының 29 305 доза күтілуде.

Соңғы тәулікте Түркістан облысында 24 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,41 % құрайды. Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен 10 бірлікке дейін жеткізілді. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 695 281 ПТР- сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 2239 адам тексерілді. Облыс бойынша 1200 инфекциялық және 300 карантиндік және 188 реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылған.


Басты сөздер: Түркістан облысы, Вакцина,
Жоғары қарай