Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Түркістан облысында 13 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті

2019 жылдың 24 қазан 2019 00:07

КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Келес ауданында 13 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті. Қазір 7-сыныпта оқитын Дияр Мұхамединді ауылдастары мен полицейлері ідестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Келес аудандық полицияға 2006 жылы туған жасөспірімнің жоғалғаны туралы анасы арызданған. Оның сөзінше, баласы 21-қазан күні сағат 13:00-дер шамасында Мақтаарал ауданындағы Атакент кентінде үйінен шығып кеткен. Содан қайтып оралмаған.




Жасөспірімнің белгілері: бойы 160 - 165 см, шашы қара, көздері қара дөңгелек, шағын денелі. Үстінде жеңі сұр түсті қара спорттық киімі мен қара шалбары болған, аяқ қиімі қара түст.

Түркістандық полицейлер Дияр Ерболұлы Мұхамединді көрген білгендер болса немесе ол туралы қандай да бір мәлімет білетіндерге тез арада полицияға 8 7253 23-03-68, 8 7253 23-06-59 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды.

Жоғары қарай