Түркістан облысында 135 мыңға тарта оқушы Pfizer вакцинасын салдырды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 135 мыңға жуық жасөспірім Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі обылстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыста 12 жастан асқан тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакциналау жұмысы жалғасып жатыр.
31 қаңтарда Comirnaty (Pfizer) вакцинаның бірінші дозасын алған жасөспірімдер саны 134 098-ге жетті.
Бұл - вакцинациялануға жататын жасөспірімдердің 71,6 пайызы. Ал, екінші компонентті - 63 910 жасөспірім салдырды.
Облыста жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмысы жүріп жатыр.
Бүгінгі таңда Comirnaty (Pfizer) вакцинасының І компонентін салдырғандар саны жалпы 150 907-іі құрады. Сонымен қатар 155 711 адам ревакцинацияланды.
Қазіргі уақытта екпе алатын облыс тұрғындары Спутник V, «Sinopharm» «Спутник лайт» вирусқа қарсы вакциналарын таңдай алады.
Ал, жасөспірімдерге, жүкті, бала емізетін әйелдерге, 60 жастан асқан адамдарға және медицина қызметкерлеріне арналған Comirnaty (Pfizer) вакцинасы қолжетімді.