Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан облысында 200-ден астам армениялық көлікке сары нөмірлер берілді

2020 жылдың 3 шілде 2020 15:07

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 200-ден астам жүргізуші армениялық көліктерін тіркеп, арнайы сары нөмірлерді алды. Бұл жайында Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмасхан Тастанбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет қаулысына сәйкес, рулі сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу үшін түркістандықтар 11 мың 946 теңге төлем жасаған. Өңірдің полицейлері Армениядан әкелінген көлікті тіркеу ережелерін түсіндіру үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында кеңестер беруде. Мұндағы Call-орталығы күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Одан бөлек, Армениядан әкелген көліктерін басқа біреуге сатып жіберген азаматтарға полицейлер көмектесетінін ескертеді. Яғни, ҚР ІІМ деректер базасы арқылы табуға жәрдем көрсетеді.


Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920