Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркістан облысында 66 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

2022 жылдың 19 қаңтар 2022 17:06

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай күннен-күнге күрделеніп барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 қаңтардан бастап «сары» аймаққа өткен өңірде коронавирусқа шалдығушылар саны тәулігіне 100-ден астам адамды құрап отыр.

Індет жұқтырғандардың арасында 14 жасқа дейінгі 100-ден аса бала бар. Сондықтан облыс емханаларында екпе салу мен ревакцинация қарқын ала бастады. Бүгін Түркістан қаласындағы медицина қызметкерлері мен санитар-эпидемиологтар үшінші рет екпе қабылдады.

Ал өңірде соңғы үш айда 66 129 адам ревакцинациядан өтті. Сала мамандары дүниежүзінде коронавирустың «омикрон» штамының өршуі мен тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайдың қалыптасуына байланысты екпе салдыру маңызды екенін айтуда.

«Бүкіл әлемді алып жатқан эпидемия кезінде ревакцинация міндетті түрде керек. Бұл организмді күшейту үшін, иммунитетті күшейту үшін, ковид инфекциясын жеңіп шығуымыз үшін өте қажетті. Біздің ұжымның жартысынан көбі ревакцинация жасатты»,- дейді Түркістан қалалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Әбдішүкір Егізбаев.


Жоғары қарай