Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркістан облысында 68 жүкті әйел «Pfizer» вакцинасын қабылдады

2021 жылдың 15 қараша 2021 18:29

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысында оқушылар мен жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасын салу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлер тұрғындарды медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егіп жатыр.

Мекемелерде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен.

«Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады. Профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізіледі. Жасөспірімдерді вакцинациялау – тек ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асады.

Айта кетейік, Түркістан облысына «Pfizer» вакцинасының 29 250 дана мөлшеріндегі алғашқы партиясы жеткізілген болатын.


Жоғары қарай