Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында Армениядан әкелінген 500-ден аса көлік бар

2020 жылдың 12 маусым 2020 21:50

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Армениядан әкелінген көліктер саны 531 болса, оның ішінде 330-ы тіркелуі тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, осы елден көлік сатып алған өзге азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан қаласының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмасхан Тастанбеков тұрғындарға көліктерді тіркеу бойынша жан-жақты айтып өтті. Одан бөлек онлайн режимде, Полиция департаментінің әлеуметтік парақшаларында тікелей эфир арқылы желі қолданушыларының да сұрақтарына нақты жауаптар берді. Полиция полковнигі 10 күн ішінде 300-ге жуық тұрғынға кеңес берген.

«Азаматтарға Армениялық көлікті 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тіркеуге болады. Тіркеу Армения Республикасының уәкілетті органы берген тіркеу құжаттарында иесі ретінде көрсетілмеген тұлғаларға жүзеге асырылмайды. Сонымен қатар, бұл көлікті өзге адамның атына аудара алмайсыз. Түркістан облысы полицейлері Армениядан әкелінген көлікті тіркеу ережелерін түсіндіру үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Call-орталығы күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге жұмыс істейді»,-деді Алмасхан Тастанбеков.
Жоғары қарай