Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан облысында аудан және қала әкімдерінің қабылдауына 500-ге жуық адам жазылған

2019 жылдың 21 қараша 2019 19:48

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түрлі түйіткілдерімен келген тұрғындар аймақ басшылығына арыз-шағымдарын тікелей бетпе-бет жеткізуге мүмкіндік алды. Республика бойынша өткен бірыңғай азаматтарды қабылдау күніне келген облыс тұрғындарының басым бөлігі жеке басының уәжімен келді. Сондай-ақ, әлеуметтік, көлік, туризм, спорт, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылым салалары бойынша бірқатар өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді», делінген хабарламада.




Тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдаған облыс әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қосман Айтмұхаметов көтерілген мәселелерге байланысты жауапты басқарма басшыларына айтылған арыз-шағымдарды назарға алып, шешуді тапсырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету қадамдарының бірі ретінде 21 қараша күні еліміз бойынша мемлекеттік органдарда Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өткізілді. Басты мақсат – билік органдарының азаматтардың нақты әлеуметтік проблемаларын шеше отырып, халықпен тікелей қатынас орнату.

Ашық есік күніне келген барлық азаматтар үшін Түркістан облысы әкімдігінде арнайы бөлме ашылған. Онда тұрғындар демалып, теледидар көріп отырып кезек күтуде. Қажет болған жағдайда медициналық және психологиялық көмек көрсету үшін мамандар жұмылдырылған.

Таңғы сағат 9:00-ден басталған қабылдауға осы уақыт аралығында 50-ден астам азамат жеке сұрақтарымен келіп, тиісті жауаптарын алды. Қабылдау кешкі сағат 19:00-ге дейін жалғасады.

Жалпы Түркістан облысы бойынша аудан және қала әкімдерінің қабылдауына 500-ге жуық адам жазылған.

























Жоғары қарай