Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 101 жағдайы тіркелді

2021 жылдың 23 шілде 2021 18:08

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында соңғы тәулікте COVID-19-індетінің 101 жағдайы расталып, тәуліктік өсім 1,18 % құраған. Өңірде пандемия басталғалы індет жұқтырудың 8622 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде Түркістан облысы «сары» аймақта тұр. Қазір инфекциялық стационарларда 2020 орын бар. Оның 901-і бос тұр.

Сондай-ақ, бүгінге дейін 875 448 ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 3442 адам тексерілген.

Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар.

Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.

Сонымен қатар, өңірде вакцинация қарқынды жүріп жатыр. Облыста өз еркімен 526 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе қабылдаған. Екінші компонентпен 339 151 адам вакцина салдырған.

Ал, кейінгі тәулікте 5 515 бірінші компонентпен болса, екінші рет 8 433 адам екпе қабылдаған. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау 128 екпе салдыру пункттерінде жүргізілуде.


Жоғары қарай