Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында бірнеше автовокзал уақытша жабылды

2020 жылдың 26 наурыз 2020 00:45

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданаралық бағыттағы рейстің тең жартысы қысқартылып, өңірдегі бірнеше автовокзалдың жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, жолаушылар көп шоғырланатын 4 автовокзалда: (Леңгір қаласындағы «Тау жұлдызы», Жібек жолы елді мекеніндегі «Дархан», Түркістан қаласындағы «Түркістан орталық», «Яссы») және 9 автобекеттің (Кентау қаласындағы «Транзит сервис», Арыс қаласындағы «Арыс», Сарыағаш ауданы Жібек жолы елді мекеніндегі «Сайран Жібек жолы», Сарыағаш қаласындағы «Сарыағаш», «Сау бол», Отырар ауданы Шәуілдір елді мекеніндегі «Нәлібек», Жетісай қаласындағы «Жаз», Түркістан қаласындағы «Мерей», «Алтын орда») қызметтері төтенше жағдай режімі аяқталғанша уақытша тоқтатылды.

Мамандардың айтуынша, облыста аталған қауіпті инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында өңір тұрғындарына сақтық шараларына мұқият болып, гигиеналық талаптарды сақтауға және мүмкіндігінше қоғамдық көлікпен сапарға шықпаған жөн.


Жоғары қарай