Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында биылдыққа бесінші үшем дүниеге келді

2021 жылдың 25 мамыр 2021 17:07

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Түлкібас ауданында үшем дүниеге келді. 37 жастағы Назипа Янгибаева № 1 облыстық перинаталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа туған нәрестелерге Әдемі, Ислам, Самира есімдері берілген.

Мерзімінен ерте туған үшем перениталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған.

Бүгінде медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, денсаулық жағдайы жақсарып келеді. Әзірге үшемнің ауруханадан қашан шығатыны белгісіз.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының бір ұлы мен екі қызы бар.

Көпбалалы ана - үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді.

Былтыр № 1 облыстық перинаталдық орталығында 8746 сәби дүниге келді.

Жыл басынан бері 3108 нәресте туған. Оның 72 - егіздер болса, екеуі - үшем.

Орталық дәрігерлері әр жыл сайын жүздеген шала туған нәрестелердің өмірін сақтап қалып отыр.








Жоғары қарай