Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, жүргізушілері қаза болды

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 17:23

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, жүргізушілері қаза тапты. Жол апаты Ордабасы ауданының Төрткөл елді мекені маңында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, күндізгі сағатн 15:00 шамасында болған.

«Toyota Land Cruiser Prado» мен «Opel Vectra» көліктері соқтығысқан. Салдарынан джиптің жолаушысы және «Opel Vectra»-ның жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Қазіргі таңда Ордабасы аудандық полиция қызметкерлері жол-көлік оқиға болған жерде жұмыс істеуде. Аталған жайт полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайы анықталады», - деді Салтанат Қаракөзова.

Жоғары қарай