Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 26 жолаушы құтқарылды

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 10:35

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында қар құрсауында қалған 26 жолаушы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін түнде Созақ ауданы, Алғабас ауылында ауа-райының күрт өзгеруінің салдарынан облыстық маңызы бар КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді» тас жолы жабылған болатын. Оқиға салдарынан 577 - 642 шақырымдағы қар құрсауынан 22 автокөлік шығарылды. Оның ішінде 13 жүк және 9 жеңіл көлік бар.

«Түркістан облысы ТЖД-нің 10 қызметкері мен 1 техника, полиция департаментінің 8 қызметкері көмекке барып, 26 адамды құтқарды. Оның ішінде 1 бала бар. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Эвакуацияланған адамдар Шолаққорған ауылына жеткізілді. Тұрғындар медициналық көмекке мұқтаждық танытпады», -дейді Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі Шыңғыс Сүлейменов.




Сондай-ақ, ТЖД-нің мамандары азаматтарды ауа-райының өзгеруін назарға алу керектігін ескертеді.

«Дауыл туралы ескерту хабарламаларын назарға алып, қажетті сақтық шараларын ұстанған жөн. Қысқы кезеңде елді мекендер арасындағы автомобиль жолдарына шығуды жоспарламас бұрын міндетті түрде алдағы қозғалыс бағыты бойынша ауа-райы болжамымен танысқан дұрыс» - дейді Шыңғыс Сүлейменов.





Жоғары қарай