Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында карантин талабын бұзғандарға 42 млн теңге  айыппұл салынды

2020 жылдың 4 тамыз 2020 15:38

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында мобильді топтар жүргізген арнайы мониторингілеу жұмыстары барысында мамандар 7061 нысан аралаған. Нәтижесінде 1386 нысанда карантин талаптары бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейд жұмыстарының нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзғандардың үстінен хаттама толтырылды. 732 жеке тұлғаға 30 АЕК (75 750 теңге) мөлшерінде және 36 жеке кәсіпкер мен заңды тұлғаларға 230 АЕК (638 940 теңге) көлемінде айыппұл салынды.




Рейд барысында сондай-ақ тыйым салынған отбасылық, мерекелік іс-шаралар анықталып, тоқтатылды.

Жалпы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 769 хаттама толтырылып, 42 322 830 теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 26 784 75 теңгесі өндірілді. Мобильді топ жұмыстары жалғасуда.





Жоғары қарай