Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында карантин талаптарын сақтамағандарға 224 млн теңге айыппұл салынды

2021 жылдың 19 тамыз 2021 22:24

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында тамыз айынан бері Ashyq көмегімен 171 азаматтың карантин талаптарын бұзғаны анықталған. Тұрғындардың 94-і «қызыл» статуспен қоғамдық орындарда қолға түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Асқар Ысқақовтың айтуынша, карантин режимін бұзып жұмыс істеген нысан иелері мен жеке тұлғаларға 4 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырылған. 224 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

«Бүгінгі күні облыста ауырып үй карантиніне жатқызылған азаматтар, жауапкершілікті сезінбестен қоғамдық орындарға шығу фактілері жиілеуде. Облыс бойынша пандемия басталғаннан бері «COVID-19» індетімен тіркелген жағдайлар саны 12 004. Оның 10 252-сі жазылып шықса, 64-ті қайтыс болған»,- Асқар Ысқақов.

Бүгінгі күнге дейін өңірде 695 922 адам коронавирус індетіне қарсы вакцинаның 1-ші компонентін қабылдаған. Облыс бойынша 3600 инфекциялық 300 карантиндік және 320 реанимациялық төсек-орын ұйымдастырылған. Індеттің әр түрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар.

«Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3-тен 10 -ға дейін жеткізілді. Жалпы 950 898 адам тексеруден өткізілді. Соңғы тәулікте 106 адам КВИ аурушаңдықпен тіркеліп, оның 43 науқас симптомсыз түрі», – деді облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова мәлімдеді.


Жоғары қарай