Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында  карантинді шектеу шаралары 19 шілдеге дейін ұзартылды

2020 жылдың 4 шілде 2020 11:13

ТҮРКІСТАН ҚазАқпарат - Түркістан облысында карантинді шектеу шаралары 5-інен 19 шілдеге дейін ұзартылды. Облыстың Бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қауіпті індеттің таралуын алдын алу мақсатында кинотеатрлардың, түнгі клубтардың, спорт, фитнес, жаттығу залдарының, сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда-ойын-сауық кешендерінің жанындағы балалардың ойын алаңдарының, қосымша білім беру бойынша мектептен тыс ұйымдар, компьютерлік клубтар, караоке, бильярд, боулинг орталықтарының, фудкорттардың, банкет залдарының, спорт кешендерінің қызметі тоқтатылады. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қонақ үйлер мен санаторийлерді қоспағанда, туризм нысандары мен бассейндер, жағажайлар, аквапарктер қызметіне де тыйым салынады. СПА орталықтары, монша және сауналардың жұмысы тоқтатылды. Мәдениет нысандары мен мұражайлар жабылатын болды. Меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметі тоқтатылып, білім беру ұйымдары қашықтан оқыту жүргізеді деп шешілді. Сонымен қатар, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың жұмысы тоқтатылмақ. Сұлулық салондары мен шаштараздар, діни нысандар да жабылды. 65 жастан асқан адамдарға аса қажетсіз көшеге шығуы шектеліп, 14 жасқа дейінгі балалардың ересектерсіз жүруіне болмайтыны ескертілді. 3 адамға дейін көшелерде, саябақтарда, алаңдарда, субұрқақтарда, жағалауларда, скверлерде халықтың жүруі шектелді. Қалааралық, ауданаралық жолаушылар тасымалы тоқтатылды. Сондай-ақ, жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 20 адамға дейін (отбасы мүшелерінің) жиналуға рұқсат етіледі. Облыс аумағында бетперде кию тәртібі сақталмақ. Азық-түлік базарлары жұмыс күндері сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін, сенбі-жексенбі күндері сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Азық-түлік емес базарларының жұмысы (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін шектелсе, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жабық. Супермаркет, минимаркеттер, сондай-ақ үй жанындағы дүкендердің жұмыс режимі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін ғана созылатындығы көрсетілген. Құрылыс дүкендерінің, оптика, гүл дүкендерінің, зоомагазиндердің жұмысы жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеледі, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмысы тоқтатылды. Техникалық қызмет көрсету станцияларының, авто жуу орындарының, дөңгелек жөндеу, автобөлшектер дүкендерінің, автосалондардың жұмысы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін шектелді.
Фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар, сату дүңгіршіктерінің жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеліп, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) жұмыстары тоқтатылады; Қоғамдық көліктер сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін және кешкі сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін жүреді. Санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қоғамдық тамақтану объектілері 30 орынға дейін, ал ашық жазғы алаңдардың жұмысы сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін шектелмек.


Жоғары қарай