Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан облысында кәсіпкерлер ауруханаларға тыныс алу құрылғыларын алып берді

2020 жылдың 5 шілде 2020 17:46

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында кәсіпкерлер ауруханаларға тыныс алу құрылғыларын алып берді.Игі бастаманы Сайрам ауданының іскер азаматтары қолға алып, науқастарға қолдау көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарабұлақ ауылының тұрғыны, ерікті Бабыр Хасантаевтың бастамасымен сайрамдық кәсіпкерлер 5 млн теңге көлемінде қаржы жинап, оның 3,5 млн теңгесіне 19 Бобров медициналық тыныс алу құрылғыларын сатып әперді. Кәсіпкерлер демеушілігінен артылған қаражатқа ауруханаға азық-түлік алынды. Себебі, мұнда науқастармен қатар, қауіпті дертті емдейтін медицина қызметкерлері де 14 күнге дейін үйінен оқшауланып, қызмет етіп жүр.

Айта кетейік, Сайрам ауданы бойынша Ақсукент және Қарабұлақ орталық ауруханаларында 87 орын бар болса, қосымша Қарабұлақ ауылындағы «САПА» жекеменшік медициналық орталығынан тағы 30 орын ашылған.

Ал, Сарыағаш аудандық орталық ауруханасындағы провизорлық стационардағы ем қабылдап жатқан науқастарға қазіргі таңда кемшін түсуп жатқан оттегі баллондары жеткізілді. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен демеуші азаматтар орталыққа 32 дана оттегі баллондарын әкеліп берді.


Жоғары қарай