Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан облысында қатаң карантин енгізілгелі 900 рет тәртіп бұзылған

2020 жылдың 6 тамыз 2020 11:05

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында қатаң карантин енгізілгелі 900 рет тәртіп бұзылған. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Баспасөз қызетінің мәліметтеріне қарағанда, Түркістан облысының бас санитария дәрігері Н.Нышановтың қаулысымен ағымдағы жылда карантин режимі ұзартылғалы облыс көлемінде мобильдік топтар құрылып, жұмыс атқаруда. Мобильдік топ құрамына қала және аудан полицейлері, әкімдік қызметкерлері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мен кәсіпкерлік палата қызметкерлері жұмылдырылған. Жалпы облыстың қала, аудандарында құрылған мобильдік топтардың саны-73.

Сонымен қатар Полиция департаменті бастығының тапсырмасымен карантин талаптарын қатаң қадағалау бойынша полиция қызметкерлеріне тапсырмалар беріліп, облыс көлемінде күндізгі және түнгі рейдтер жүргізілуде.

Мәселен, Мақтаарал ауданының өзінде ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен 149 адамға, ал Арыс ауданы бойынша бетпердесіз жүрген 153 тұлға анықталып, құжаттары тиісті орынға жолданған.

Жалпы қатаң карантин режимі енгізілгелі бері Түркістан облысы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтық санитарлық эпидемиологиялық, гигиеналық талаптарын бұзудың» 900-ге жуық жайты анықталып, хаттамалар толтырылды. Оның ішінде коммерциялық ұйымдар мен заңды тұлғалар да бар.


Жоғары қарай