Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан облысында құдалық өткізіп, қыз ұзатқандар 5 тәулікке қамалды

2020 жылдың 30 наурыз 2020 19:05

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында төтенше жағдайға қарамастан құдалық өткізгендер 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыста төтенше жағдайға қарамастан құдалық өткізіп, қыз ұзатқан, туған күн тойлатқан азаматтар 5 тәулікке қамалған.

Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодекстің 476 «Төтенше жағдай режимін бұзу» бабы бойынша 115 нысанға хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды. Сот шешімімен 28 тұлғаға 10 АЕК есебінде айыппұл салынып, 16 адам қамауға алынды.

Бұл туралы Түркістан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол қоғамдық орындарда азаматтар мейлінше бетперде пайдаланып, нысандар есік тұтқаларын дәке маталармен орау - санитарлық талаптарға сай емес екенін айтты.

Айта кетейік, арнайы мониторинг тобы дезинфекциялау шараларын күнделікті бақылап, атқарылған жұмыс туралы ақпаратты ситуациялық орталыққа күнделікті ұсынып отыр.


Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға, Заң,
Жоғары қарай