Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында мал ұрлығының алдын алу шаралары жүріп жатыр

2021 жылдың 18 қаңтар 2021 19:41

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында мал ұрлығының алдын алу мақсатында рейд жүріп жатыр. Осы мақсатта полиция, әкімшілік пен мал иелері тарапынан үшжақты келісімшарт жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда өңірде облыстық полиция департаменті қызметкерлері мал иелерінің жауапкершілігіне қатысты түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

Ауыл тұрғындарының малдарын сырғалау және таңбалау жұмыстары атқарылуда.

Мал ұрлығын алдын алу бағытында түнгі рейд ұйымдастырылып, құжатсыз мал тасымалдаған 200-ден астам автокөлік тексерілген.

Мал құжатын көрсете алмағандарға 32 хаттама толтырылып, аудандық ветеринария бөліміне жолданды.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға заңсыз тасымалдаулар, белгіленбеген орындарда малды сою, ен-таңбасы жоқ малды саудаға салу деректерін болдырмау мақсатында жұмыстар жалғаса беретінін ескертеді.

Сондықтан малды қараусыз жібермей, бақташы жалдауға, уақытылы ен-таңба салдыртып, құжаттандыруға кеңес береді.





Жоғары қарай