Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркістан облысында тәулігіне 20-дан астам тұрғын коронавирус жұқтыруда

2022 жылдың 11 қаңтар 2022 20:56

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жыл басынан бері 200-ден астам адам COVID-19 инфекциясына шалдыққан. Соңғы тәулікте 37 жағдай есепке алынса, оның ішінде 4 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің бағалау матрицасы «жасыл» аймақта болғанымен, тәулігіне 20-30-дан аса коронавирусқа щалдығу фактілері тіркеліп отыр.

Биылғы жылдың алғашқы 10 күнінде COVID-19 инфекциясын 222 тұрғын жұқтырған.

Жағдайдың күрделене бастауын дәрігерлер – қоғамдық орындарда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы мен бетперде режиміне салғырт қарау сынды факторлармен байланыстырады.

Сондықтан, сала мамандары қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

«Бүгінде облыс тұрғындарының 99,9 % коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін, 98,4% екпенің ІІ компонентін қабылдаған. «Pfizer» препаратының бірінші екпесін 80 034 азамат салдырса, екінші компонентті салдырғандар саны - 33 076. Жалпы вакцинациялау көрсеткіштері бойынша облысымыз республикада алғашқы үштіктің қатарында. Дегенмен, босаңсуға болмайды. 9500-ден астам кәсіпкерлік нысан «Ashyq» бағдарламасымен жұмыс істеуде»,- деді Түркістан облысының бас мемлекеттік санитария дәрігері Нұрбек Нышанов.

Жалпы өңірде КВИ-ға қарсы вакцинаны салдырту жоспарланған іс-шараларға сәйкес мерзімінде жүргізілуде.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Алтын Досанованың мәліметінше, ревакцинацияға 59 687 вакцина жеткізіліп, бүгінгі таңға 40 952 адам екпе қабылдаған.

Аймақта 9 537 кәсіпкерлік нысан «Ашық» бағдарламасымен жұмыс жасауда.


Жоғары қарай