Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Түркістан облысында төтенше жағдай режимін бұзған 54 адам қамауға алынды

2020 жылдың 9 сәуір 2020 15:09

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында төтенше жағдай режимін бұзған 54 адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркістан облысында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Бұл ретте ТЖ талабын орындамайтын азаматтар көп. Облыс аумағында бүгінгі күнге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимнің сақталуын, яғни төтенше жағдай талабын бұзған 233 нысанға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабына сәйкес хаттамалар толтырылып, жергілікті сотқа жолданды. Сот шешімімен 157 тұлғаға 10 АЕК есебінде айыппұл салынып, 53 тұлға қамауға алынды (Арыс-7, Бәйдібек-2, Қазығұрт ауданы-5, Жетісай-7, Мақтаарал-2, Ордабасы-2, Отырар –3, Сарыағаш-4, Келес-3, Түркістан қаласы-4, Сайрам-2, Кентау-9, Төлеби-1, Түлкібас-1, Созақ-1)», - делінген Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінде.

Бұдан бөлек, Түркістан қаласы бойынша 41 (қоғамдық тамақтану орындары-15, сауда орындары-8, азық түлік дүкені-15, шаштараз-2, тігін цехы-1) әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылып, сотқа жолданған. Оның 37-сіне айыппұл салынып, 4 тұлға қамауға алынды.

Ережеге сай, Түркістан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыс бойынша халық көп шоғырланатын 3500-ге жуық нысанға дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.


Жоғары қарай