Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында Жамбыл Жабаевтың  175 жылдығына орай 60-тан астам шара өткізілмек

2021 жылдың 2 наурыз 2021 08:54

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ескерткіштер мен бюстеріне гүл шоқтары қою іс-шарасы ұйымдастырылды. Мұндай шаралар Түркістан қаласы, Бәйдібек, Жетісай, Ордабасы, Отырар, Сарыағаш, Түлкібас, Қазығұрт аудандарында өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлық карантиндік шектеулерді сақтай отырып шараға ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар, мектеп оқушылары қатысты. Сондай-ақ, ақын туындыларынан үзінділер оқып, рухани азық алды. Бүгінгі таңда Түркістан облысында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған облыстық іс-шаралар жоспары түзіліп, Түркістан облысында 60-тан астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Мәдениет және өнер мекемелерінде жас ақындар айтысы мен «Жамбыл оқулары» байқауы, «Жамбылға арнау» мерекелік концерті мен «Жамбыл – Ұлы Дала ақыны» әдеби сазды кештер ұйымдастырылмақ.

Сонымен қатар театрландырылған қойылымдар мен көркем және деректі фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылып, «Жамбыл Жабаев – Ұлы даланың алып жыршысы» облыстық семинар-форумы, «Өлең сөздің даңғылы, бар қазақтың – Жамбылы», «Жыр алыбы – Жамбыл», «Жүз жыл жырлаған жүрек «Тау мен дала жыршысы» тақырыптарында көрме экспозициялары, мәдени іс-шаралар, танымдық кештер, лекция сабақтары және дөңгелек үстелдер өткізілмек.

Бұдан өзге, білім беру мекемелерінде Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы туралы апталықтар, «Жыр алыбы – Жамбыл», «Тарихтың мәңгілік тұлғасы», «Жамбыл Жабаев жүз жасаған бәйтерек», «Жамбыл оқулары» сынып сағаттар өткізіліп, музей бұрыштар ашылмақ.

Бүгінде облыста ұлы ақын есімімен 3 ауылдық округ, 4 елді мекен, 84 көше, 12 мектеп, 7 ескерткіш-бюсттар орнатылған.











Жоғары қарай