Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан облысында жасанды тыныс алу аппаратының жартысы ғана пайдаланылуда

2020 жылдың 9 шілде 2020 19:21

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 178 өкпені жасанды желдету аппараттарының жартысына жуығы ғана пайдаланылуда. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қосымша жетісайлық кәсіпкерлер тағы 6 осындай аппаратты демеушілік жасап алып бергенін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысының сөзінше, облыс аумағындағы емдеу ауруханалар мен провизорлық орталықтарда ӨЖЖ аппараттары жеткілікті.

«Өкпені жасанды желдету аппараттарының бүгінде жартысына жуығы ғана пайдаланылуда. Оның 45 данасы ғана қазір науқастардың жасанды тыныс алуы үшін қолданыста. Бізде үлкен запас, резерв бар. Сондықтан бұл жағынан ешқандай қауіп жоқ»,- деді Өмірзақ Шөкеев.

Өңір басшысы брифинг барысында сондай-ақ, облыс бойынша дәрілік заттардың бағаларына бақылау жүргізу мақсатында арнайы мониторинг тобы құрылғанын атап өтті. Бұл топ барлық дәріханаларды тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын алуға жұмыс істеуде. Бөлшек сауда желісінде бағаны көтеру бойынша заңбұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылып келеді. Мәселен, дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаны артырған жағдайда жеке тұлғаларға – 70, лауазымды адамдарға – 100, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 130, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

«Сондай-ақ, карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын объектілерге тексерулер (мониторинг) жүргізу алгоритміне сәйкес Түркістан облысы қала, аудандары әкімдігінде мобильді топ жасақталған. Аталған топ дәріханаларды тексеру барысында 12 нысанға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Толтырылған хаттамалардың 3-і жергілікті сот органдарына жолданып, 9 нысанға айыппұл салынды», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Атап айтқанда, рұқсат қағазының болмауына байланысты – 1, тіркелмеген дәріні сатқаны үшін – 2 іс сотқа өткізіліп, лицензиясыз жұмыс жасағаны үшін – 2, дәріні қымбатқа сатқаны үшін – 5 және рецептісіз дәрілік заттарды сатқаны үшін – 2 айыппұл салынған.


Жоғары қарай