Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында жоғалып кеткен оқушы табылды

2021 жылдың 31 мамыр 2021 20:29

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Шардара ауданында 4-ші сынып оқушысы із түзсіз жоғалып кеткен. Өздігінен таба алмаған ата-анасы аудандық полицияға көмек сұрап барған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, баланың анасы түнгі екілер шамасында хабарласқан. Өзінің 11 жастағы ұлының белгісіз бағытқа кетіп, қайта оралмағанын жеткізген. Бұл хабарламадан кейін шардаралық полицейлер бірден жоғалған баланы іздеп табу үшін барлық күшті жұмылдырған. Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіруінің арқасында 4-ші сынып оқушысы бір тәулік ішінде табылды. Мектеп оқушысы досының үйінде ұйықтап қалған болып шықты.

«Қазіргі таңда 11 жастағы бала үйіне қайтарылды. Ұлымен аман-есен қауышқан анасы баласын іздестіруге көмектескен полиция қызметкерлеріне ізгі ықыласын білдіріп, алғыс айтты» делінген хабарламада.



Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға,
Жоғары қарай