Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысындағы ауруханалар тыныс алу аппараттарымен толықтай қамтылған

2020 жылдың 22 қараша 2020 17:44

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысына қарасты медициналық мекемелер таяуда 58 өкпені жасанды желдету аппараттарымен толықты. Отандық өнім өндіруші компания жасап шығарған ИВЛ аппараттарымен 24 медициналық ұйым жабдықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, емдеу мекемелеріндегі аппараттардың барлығы толыққанды іске қосылған. Медицина қызметкерлері оларды қолдану бойынша арнайы оқытулардан өткен.

«Түркістан қалалық орталық ауруханасы биыл 10 өкпені жасанды желдету аппаратымен толықты. Оның ішінде таяуда 2 аппарат отандық өнім өндірушіден жеткізілді. Қазіргі таңда жалпы саны 18 аппарат толық іске қосылған. Бүгінде инфекциялық бөлімде коронавирус инфекциясынан ем қабылдап жатқан науқас жоқ. Ауруханада коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары барынша күшейтілген. 2-3 айлық дәрі-дәрмек қоры да әзірленіп отыр», - дейді Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Жанболат Ділдәбеков.

Сондай-ақ, өңірде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы үздіксіз жабдықталған. Мәселен, 8 ауруханада қосымша оттегі станциялары орнатылған. Жуырда 80 бірлік оксигенация аппараты (HI-FLOW) сатып алынған. Бұдан бөлек, оттегі концентраторларының саны 900-ге жеткізіліп, оттегі нүктелерінің саны 2 095 нүктеге дейін арттырылған.








Жоғары қарай