Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркістан облысынды  40-тан астам блок бекет алынды

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 15:34

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 40-тан астам блок бекет алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Түркістан облысынан төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Бірлігі мен тыныштығын сақтап қалған облыста коменданттық сағат тәртібі тоқтатылғандықтан блок бекеттердің де жұмысы аяқталды.

«Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Түркістан облысы мен Шымкент қаласында төтенше жағдай тоқтатылды. Ауданаралық бекеттің барлығы жұмысын тоқтатты. Бірақ Жамбыл және Қызылорда облысымен шекаралас аумақтағы блок бекеттер әзірше қалады. Өйткені ол өңірлерде төтенше жағдай режимі әлі алынған жоқ. Тұрғындарға, жолаушыларға еркін жол жүруге мүмкіндік беріледі» - деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Сондай-ақ, облыс басшысы төтенше жағдай кезінде блок бекеттер арқылы біршама құқықбұзушылықтар анықталғандығын атап өтті.

«30 мыңдай автокөлік тексерілді. Біразынан Алматы, Шымкент қалаларында болған оқиғаларға қатысқан, қару-жарақпен жүрген азаматтар ұсталды. Облыс бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды. Бейбіт шеруге қатысқандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кейбіріне әкімшілік шара қолданылып, барлығы үйлеріне қайтарылды. Жағдай толығымен тұрақталды», - деді Ө.Шөкеев.





Жоғары қарай