Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Түркістан облысының екі тұрғынынан Қызыл кітапқа енген құстар тәркіленді

2020 жылдың 4 сәуір 2020 19:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 3 сәуірде «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның инспекторлары Сайрам аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шара барысында Түркістан облысы Сайрам ауданы Манкет ауылының екі тұрғынының үйінен Қызыл кітапқа енген 2 бүркіт, 1 үкі табылып, тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметінің хатшысы Сәкен Ділдахметтің хабарлауынша, құстар Шымкент қаласының зоологиялық саябағына уақытша ұстауға тапсырылды.

«Аталмыш фактілер Сайрам ауданы полиция бөлімінің СДТБТ-де ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен тіркелді» делінген хабарламада.


Жоғары қарай