Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Түркістан облысының Жетісай ауданына блокпост қойылды

2020 жылдың 5 сәуір 2020 10:20

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Жетісай ауданында коронавирус жұқтырған 10 адам анықталды. Осыған қарай ауданда карантин енгізіліп,сақтық шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Екі бірдей ауыл қоршауға алынып, дерттің таралмауына барынша күш салынып жатыр. Осы төтенше жағдайды ескерген Құрбан ата ауылының тұрғындары жаман індеттің алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында өз ауылдарының кіреберіс қақпасына блокпост орнатты.

«Бұндай жағдайға ел болып ақылдасып келіп отырмыз. Елдің әрбір адамының өмірі қымбат. Оның үстіне ауылымыз Жетісай қаласына жақын орналасқандықтан ауылға келімді-кетімді адамдар көп. Соның барлығын ескере келе осындай қадамға барып отырмыз дейді»,- ауыл тұрғыны Досым Ахметов.

Бүгінде аталмыш ауылда 300-ден астам үйде 2793 адам тұрады. Қазіргі таңда ауылға тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында кіріп-шығатын көліктер тіркеуге алынып, түгелдей дезинфекциядан өткізілуде.


Жоғары қарай