Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан: Президент Жолдауына облыс ардагерлері қолдау білдірді

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 17:03

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістанда Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты кезекті Жолдауын талқылауға арналған облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген төралқа мәжілісі болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, облыс әкімі аппараты қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы Самат Расул, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дәурен Сариев және онлайн режимде зиялы қауым өкілдері, аудандық, қалалық ардагерлер ұйымдары мен әкелер мектебінің төрағалары, әжелер алқасының төрайымдары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімінің басшылары қатысты.




Жиынды ашып, жүргізіп отырған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов шараның күн тәртібін баяндап, Жолдаудағы маңызды мәселелер мен айқын ерекшеліктерді атап өтті.

«Жолдау елдің ішкі және сыртқы жағдайларына байланысты Президенттің топтасудағы тиімді шарасы. Жолдау арқылы әрбір азамат елдің даму бағыттары мен мүмкіндіктерімен таныса отырып, болашақтағы жұмыстарына осы құжатты негізгі бағдаршам етеді. Біздіңше, биылғы Жолдаудың бұрынғылармен салыстырмалы түрде бірнеше ерекшелігі бар екенін айта кеткен жөн. Біз өз кезегімізде Жолдаудың жүзеге асуына үлестерімізді қоса алатынымызға бек сенімдімін. Бұл орайда аға буын ардагерлер қай кезеңде де қоғам мен мемлекет алдында тұрған міндеттерді ақылмен, сабырмен, ғылыми нақтылықпен атқаруға мұрындық болатын қоғамның зиялы қауымымен бірлесе жұмыстар атқаруға қашан да дайын», деді Жеңісбек Мәуленқұлов.




Сонымен қатар, жиында жазушы, «Алаш» сыйлығының иегері, облыстық ардагерлер кеңесінің пленум мүшесі Мархабат Байғұт, алқа мүшесі, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Әбдішүкір Сапарбеков, Сарыағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұстапа Сүлейменов, Қазығұрт аудандық әжелер төрайымы Бағила Исмаил, Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібековтер сөз алып, Жолдау аясындағы атқарылар жұмыстарға өз ұсыныстарын айтып, пікірлерін ортаға салды.

Жиын соңында Жеңісбек Мәуленқұлов Президент Жолдауына қатысты арнайы қаулымен таныстырып, алқа мүшелері тарапынан бірауыздан мақұлданып, бекітілді.








Жоғары қарай