Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан тауларында жоғалған студенттерді іздеу жұмысы қалай жүріп жатыр

2021 жылдың 28 мамыр 2021 22:50

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері тауда жоғалып кеткен студенттерді іздеу жұмысы қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Құрманбек Саховтың айтуынша, 60 полицей ТЖ қызметкерлерімен, шекарашылармен және еріктілермен бірлесіп, іздеу жұмысына жұмылдырылған.

Бұлар - негізінен таулы жерлерде бағдарлауды бес саусағындай білетін және белгілі бір тәжірибесі бар жедел бөлімше қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар.

«Біздің іздеуіміз ауа-райы құбылған жағдайда да қиын. Онда жауын болса, тұман болса қар жауады. Жылдың барлық мезгілі бір уақытта. Тек үшінші күні ғана тікұшақты пайдалану мүмкіндігі пайда болды. Іздеу жұмысын бастағанда таудың етегі жасыл әрі күн ыстық болды. Содан кейін біз атпен жүре бастадық. Бір уақытта ыстық салқынмен алмасып, содан кейін күн мүлдем суып кетті. Жылқыларды тастап, әрі қарай жаяу жүруге тура келді. Ұлттық парктің барлық аумағы таулы, қырлы. Көп шатқалдар мен ағысы қатты суық өзендер. Кеш түсіп, түн басталғаннан соң таңертең іздеуді қайта жалғастыру үшін тауда түнедік. Өйткені әр минут қымбат болатын» дейді полиция подполковнигі.




Құрманбек Саховтың сөзіне сенсек, бүгін жоғалған жастардың үшеуі табылды. Оларды тікұшақпен алып кеткен.

«Ал біз одан әрі қарай 4 жігітті іздеуге қайтадан кірісіп кеттік. Бұл оқиғаның соңы сәтті аяқталады деп сенемін. Алладан барлық жоғалған жастардың түгел табылып, өз отбасыларына дін аман оралғанын тілеймін» дейді ПД бастығының орынбасары ағынан жарылып.




Еске сала кетейік, біз осыған дейін Түркістан облысында 7 адамның жоғалып кеткенін жазған едік.

Сондай-ақ іздеу жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылғаны айтылды.

Кейіннен жоғалған жеті туристің үшеуі аман табылған болатын.














Жоғары қарай