Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Түркістан: Жетісайда заманауи диагностикалық орталық салынып жатыр

2019 жылдың 30 шілде 2019 22:00

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Жетісай ауданы, Жаңаауыл округіне қарасты Ынтымақ ауылында жеке кәсіпкер Сардар Шавкеев екі қабатты диагостикалық орталықтың құрылысын жүргізуде. Нысанның құрылысы сәуір айында басталды, деп хабарлады өңір әкімдігінен.

«Салып жатқан нысанымыз диагностикалық орталық саналады. Алдағы уақытта тұрғындарға консультативтік және емдеу-диагностикалық қызмет көрсету түрлерінің кең спектрін ұсынатын боламыз. Орталық заманауи, жоғары технологиялық жабдықтармен қамтылады. Науқастарға жоғары санатты дәрігерлер кеңес береді. Бұған дейін Шымкент, Түркістан қалаларына барып, тексеріліп жүрген аудан тұрғындары енді біздің орталықтан тексерістен өтуіне бар мүмкіндік жасалмақ», – дейді Сардар Шавкеев.

Шавкеевтер әулеті осыдан үш жыл бұрын Жаңаауыл елді мекенінен өз қаражаттарына 150 орындық заманауи балабақша ашқан болатын. Бүгінде ауыл тұрғындары балабақшаның игілігін көріп отыр. Қазірдің өзінде мұнда 150 бала тәрбиеленіп жатса, тағы 60 бала кезекте тұр. Осыны ескерген С. Шавкеев сәуір айында балабақша жанынан 150 орындық мектепке дейінгі даярлық орталығының құрылысын бастады. Қазіргі таңда ғимараттың екінші қабаты қалануда. Аталған ғимарат алдағы желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.

Жоғары қарай