Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда 100-ге жуық көпбалалы отбасына мектеп құралдары тапсырылды

2021 жылдың 29 тамыз 2021 03:10

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 100-ге жуық көпбалалы отбасына мектеп құралдары тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 қыркүйек Білім күніне орай Оқушылар сарайында «Мейірім» акциясы ұйымдастырылды.

Шараның негізі мақсаты – көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға қолдау білдіру және білімге деген құштарлықтарын ояту.

Акция аясында Оқушылар сарайының ұжымы мектепке қажетті құрал-саймандар салынған арнайы сөмке дайындаған.

Оны қаладағы 100 шақты көпбалалы отбасына табыстады.

Шараға арнайы қатысқан Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев сөз алып, балаларды көптен күткен мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ ізгі шараға мұрындық болып отырған Оқушылар сарайының директоры Индира Сарқытқызына алғысын жеткізді.














Жоғары қарай